Ақпан айының 24-і күні мектебіміздің 7–8 сынып оқушылары арасында
Ақпан айының 24-і күні мектебіміздің 7–8 сынып оқушылары арасында «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығына, жүйке жүйесіне және психикасына тигізетін кері әсері туралы нақты мысалдар келтіріліп, жан-жақты ақпарат берілді. Оқушыларға нашақорлықтың адам өміріне, отбасы мен қоғамға әкелетін зияны түсіндіріліп, зиянды әдеттердің алдын алу жолдары айтылды. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанудың