09
февраль
2026
9 ақпан 2026 жылы мектебіміздің «Жас сарбаз» ұйымының мүшелері Ауған соғысының ардагері Аспандияров Ерболат Зақанұлының шаңырағында болып, тағылымды кездесу өткізді.
9 ақпан 2026 жылы мектебіміздің «Жас сарбаз» ұйымының мүшелері Ауған соғысының ардагері Аспандияров Ерболат Зақанұлының шаңырағында болып, тағылымды кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ерболат Зақанұлы Ауған соғысы жылдарындағы қиын да жауапты кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісіп, Отан алдындағы борыш, ерлік пен табандылық жайында әсерлі әңгіме өрбітті. Оқушылар ардагердің өмір жолымен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды сұхбат құрды.
Кездесудің мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, тарихи оқиғаларға құрметпен қарауға тәрбиелеу, ардагерлердің ерлігін үлгі ету арқылы елжандылық рухты нығайту.
Тағылымды жүздесудің соңында Ерболат Зақанұлы жас сарбаздарға ізгі тілегін білдіріп, елін сүйетін, білімді әрі намысты азамат болуға шақырды. Оқушыларға көрсеткен құрметтері үшін алғысын айтып, батасын берді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын арттырып, патриоттық санасының қалыптасуына оң ықпал етеді.